|    |  
10 желтоқсан 2018
13:42
Польшада анасы қайтыс болғаннан кейін 55 күннен соң нәресте дүниеге келді
20 сәуір, 09:16 1099

Вроцлавта университетте клиникалық ауруханада ол туғанға дейін 55 күн бұрын анасы қайтыс болған ер бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл таңғаларлық жағдай заманауи медициналық құрылғының арқасында мүмкін болды.
Радио Польша хабарлағандай, 45 жастағы польшалық әйел обырмен ауырған. Жүктіліктің 17 аптасында науқастың миы өлгені анықталған. Бірақ әйелдің жүрегі соғып тұрған, дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуге шешім қабылдаған.
Арнайы жабдықтың арқасында дәрігерлер анасының өімір сүруін қолдап келген. 55 күннен кейін баланы дүниеге әкелуді шешіп, баланы жарып алған.
RMF FM радиосының ақпаратына сәйкес нәресте 9 ақпанда дүниеге келген. Оның салмағы не бары 1 келі болған. Оған қарқынды терапия жасалды. Бір айдан кейін баланы респиратордан ажыратты. Тағы екі айдан кейін үйіне шығарды. Қазір бала аман-есен. Салмағы 3 келі, оны әкесі тәрбиелеуде.

ҚазАқпарат 
Теги: Главная
Все новости