|    |  
19 қараша 2019
07:26
Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген
07 шілде 2016, 12:19 34


Хабаровск өлкесі Чегдомын ауылының тұрғынының үстінен пойызда босанған баланы лақтырып жіберді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Жаңа туған нәрестенің денесі темір жол өтпесінен табылған, деп хабарлайды РИА Новости.

«Алдын ала ақпарат бойынша күдікті әйелдің Чегдомын - Хабаровск жолаушылар пойызының дәретханасында қыз бала босанғаны анықталды. Туа сала нәрестені вагон терезесінен лақтырып жіберген. Хабаровскідегі Серышев-Воронеж көшелеріндегі темір жол өтпесінен бала денесі табылды», - деп жазылған мәлімдемеде.

Күдікті әйел 29 жаста, ол Чегдомын ауылында тұрады. Хабаровск қаласына өзінің 9 жасар үлкен қызымен келе жатқан. Қиыр Шығыс көлік полициясы қызметкерлері 5 сағаттың ішінде сол пойызбен Хабаровскіден Чегдомынға қайтқан күдіктіні ұстады. Күдіктіге медициналық көмек көрсетілді, 9 жасар бала кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталығына жіберілді.

«Қазіргі уақытта РФ ТК Қиыр Шығыс көлік тергеу басқармасының тергеушілері «Ананың баласын өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

 
Все новости