|    |  
19 қаңтар 2020
12:36
Психология туралы 10 дерек
13 қараша 2019, 11:47 54


1. 6-7 сағат ұйықтайтын адамның мезгілсіз ажал құшу ықтималдылығы 8 сағат ұйықтайтын кісіден әлдеқайда аз болады. Ал күніне 5 сағат ұйықтайтын адам психологиялық проблемаларға 3 есе жиі ұшырайды.

2. Адамға өзінің атын естігеннен жақсы дыбыс жоқ. Танысқан кезде адамның ең алдымен лауазымын, кәсібін емес, оның есімін жаттап алу қажет. Бұл жақсы қарым-қатынастың негізгі ережесінің бірі.

3. Тез ұйықтау үшін арқаға жатып, денені бос күйінде ұстайды. Көзді жұмып, көздің қарашығын тіке қарату қажет. Ұйықтап жатқан сәтте көздің қалыпты тұрысы осындай болады. Мұндай үрдісте адам қатты және тынық ұйықтайды.

4. Психолог мамандары әйел адамына бейтаныс ер кісіні сырт келбетіне қарап бағалау үшін 45 секунд жеткілікті дейді. Оның 10 секундты сыртқы дене-бітіміне, 8 секундты көзіне, 7 секунд шаш үлгісіне, 10 секунд иегі мен ерніне және 5 секунд иығына кетеді. Қалған 5 секунд қолында неке сақинасы бар ма, жоқ па соны білуге кетеді.

5. Психологияны білу өмірді қиындатқанымен тәжірибе жүзінде іске асырғанда жеңілдетеді.

6. Оксфорд университетінің ғалымдары қобалжу, күйзелістен құтылудың ең пайдалы жолы кітап оқу деп санайды. Себебі оқу сана-сезімге бірден әсер етеді. Зерттеуде ол ішімдік ішу, шай ішу, музыка тыңдау, серуенге шығу секілді сергіткіш заттарды басып озған.

7. Махаббатта жолы болмай жүрген адам күйзеліске ұшырап, тіпті психологиялық ауруларға шалдығады. Мысалы, Адели синдромы.

Адели синдромы – бір адамды құлай сүйіп, оған жіпсіз байлану. Мұндай жағдайда екінші тарап жауапсыз отырады.

8. Спорт жарысы кезінде жарияланған миллиардтаған твиттер мақаласына сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижесі даукестің сенімді және өте көп көлемде шығарған мәлімдемесі болса, пікірсайыста жеңу мүмкіндігі жоғарылайтынын көрсеткен.

9. Егер адам бірдеңені еске түсіргісі келсе және сонымен қатар дәл көзіңізге қарайтын болса, онда сізді алдап жатыр дей беріңіз. Себебі мұны қысқаша гипноз деп айтады.

10.Әйел адамдар жігітімен немесе жақсы көретін адамымен бетпе-беп отырып әңгімелескен кезде ғана өздерін сүйікті сезінеді. Ал жігіттер керісінше эмоциялық жақындықты екінші жартысымен сөйлескен кезде, жұмыс жасағанда, ойнаған сәтте сезінеді.
Все новости