|    |  
22 қазан 2019
13:34
Психологиялық тест: Әзіл көтеру білесіз бе?
30 қаңтар 2019, 09:31 95
Берілген тест әзіл-оспақты түсіне білесіз бе, әлде тым байсалдысыз ба, соны анықтауға көмектеседі. 



1. Қиялдауға, өзіңізді түрлі жағдайларда елестетіп көруге құмарсыз ба? 
Иә - 5, Жоқ - 0 

2. Сізді ашуландыру оңай ма? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

3. Көңіл-күйіңіз белгілі бір істе жетістікке жетуіңізге немесе керісінше, жолыңыздың болмауына байланысты ма? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

4. Күлкі қысып тұрғанда, күлесіз бе? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

5. Көп адам жиналған кезек сіздің көңіліңізді түсіре ме? 
м - 0, Жоқ- 5 

6. Комплементті жақсы көресіз бе, оларға қуанасыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

7. Балалармен тілдескен сізге ұнай ма? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

8. Жиі жабырқайсыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

9. Сәтсіз әзілі үшін біреуге ескерту жасайсыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

10. Бейтаныс адамдардың ортасында олардың үстерінен мысқылдайсыз ба? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

11. Сурет салғанды ұнатасыз ба? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

12. Әдепсіздікке келекемен жауап бересіз бе? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

13. Таныстарыңыз сізді көпшіл деп санай ма? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

14. Экстрасенс, парапсихолог, астрологтарды сынайсыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

15. Өткір сөзден сайысуға барсыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

16. Спорт ойындарын тамашалап отырып, қатты уайымдайсыз ба? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

17. Көңілді әңгімелер, қалжыңдар айтуды, тыңдауды ұнатасыз ба? 
Иә- 5, Жоқ- 0 

18. Серігіңіздің үсті-басындағы ретсіздік сіздің көңіліңізді түсіре ме? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

19. Мақсат жолында бәрін істеуге болады деп ойлайсыз ба? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

20. Әзілді түсінбейтініңіз жайлы өзгелердің пікірі сізді ызаландыра ма? 
Иә- 0, Жоқ- 5 

100 - 85 ұпай. Әзіл-оспақты түсіну қабілетіңіз тіпті, тым артықтау. Бір жағынан, бұл жаман емес. Ал екінші жағынан, күнделікті өмірде бұдан өзге қабілет пен сезімдер керегірек. Бірақ сіз оны әрдайым түсіне бермеуіңіз мүмкін. 

80 - 50 ұпай. Адамдарға қуаныш, қуатсыйлайсыз. Ауыр күндерде де әзіл сізбен бірге. Бипаз әрі орнымен әзілдейсіз. Елікпе жан болғандықтан, сізбен сұхбаттасу қызық және сізге сенім артуға болады. 

45 - 30 ұпай. Әзілді мүлдем түсінбейсіз деуге келмейді, бірақ бұл сіздің ерекше қасиетіңіз емес. Әзілмен қабылдау керек нәрселерді жиі шындап қабылдап жатасыз. 

25 - 0 ұпай. Сирек күлімдейсіз және көп нәрсені шындап қабылдайсыз. Сіздің шамадан тыс байсалдылығыңыз өзгелердің де ұнжырғасын түсіруі мүмкін. Өміріңізде қандай қиындықтар туындаса да, қара бұлтты төндірмеңіз, өзгелермен қатар күліп жүруді үйреніңіз. Осылай өмір сүру өзіңізге де, өзгелерге де жеңілдеу екенін ұғыныңыз.

Дереккөз: Reactor
Все новости