|    |  
14 желтоқсан 2019
07:23
Психологиялық тест: Қолыңызға қарап мінезіңізді таныңыз
10 сәуір 2019, 16:28 294



А нұсқасы 

Сұқ саусақ аты жоқ саусақтан қысқа болса. Сенімді, шешімді бірден қабылдайтын, тәуекелшіл жандар. Қиындықпен күресе алады. Одан шығатын жолды оңай табады.Олар сөзжұмбақтардың, басқатырғыштардың шешімін өте жылдам таба алады.
Бұл топтағылардан ғалымдар, инженерлер, техникалық мамандық иелері шығады.

В нұсқасы 

Сұқ саусақ аты жоқ саусақтан ұзын болса. Өзінің қабілетіне, мүмкіндігіне сенімді жандар. Жанындағылардың пікірін әркез қолдайды, бірақ ұсақ-түйек, болмашы әңгімелермен бас қатырғанды ұнатпайды.Бұл кісілердің бойында қатып қалған қағида, ұстаным кездесе бермейді. Кездесуге кешігіп бара салуы мүмкін. Адамдардың өзіне көңіл аударғанын, мақтағанын қалап тұрады.

С нұсқасы 

Екі саусақ та бірдей болса. Саусақтары мұндай типтегі адамдар ақкөңіл, мейірімді, жомарт болып келеді. Ешқашан ұрыс-керістің болғанын қаламайды. Қайта бәрін татуластырып, табыстырып жүреді. Досына, сүйгеніне адал, сенімді жандар. Бірақ бір ашуына тисеңіз үлкен «дауылдың» астында қаласыз. Сондықтан оған ұнамайтын әрекеттер жасамаңыз.

Бұл тест арқылы тек өзіңізді ғана емес, таныстарыңызды, достарыңызды да тексеріп көруге болады. Айтпақшы, сүйікті адамыңызға міндетті түрде ұсынып көріңіз. Оның болмысы, мінезі сіз үшін өте маңызды ғой. 

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
 
Все новости