|    |  
18 маусым 2019
22:12
«Рахат-Лукумның» экс-солисі топ жұмысының бар шындығын жайып салды
22 мамыр 2019, 11:45 70
«Рахат-Лукум» тобының бұрынғы солисі Влада Белая Инстаграмдағы парақшасында топтағы жұмыстың бар шындығын жайып салды. Әнші қазір ол топтан кетіп қалған.


 
«Рахат-Лукум» туралы бар шындық.
Көпшілігіңіз білетіндей мен топта желтоқсан айынан бастап жұмыс істедім. Мені “miss Astana 2018” конкурсынан кейін бірден қабылдады. Мен Ерлан Кокеевпен әңгімелесуге келгенде менен ән айту білесің бе деп ешкім сұраған жоқ. Мен вокалмен соңғы рет 13 жасымда айналысқанмын. Керемет дауысым да жоқ. Мені тыңдамай-ақ, кастингсіз қабылдады. Маған танымалдылық пен қомақты қаражатты уәде етті. Іс жүзінде маған ешкім мен айтатын әндерді басқалардың айтып, жазатынын айтқан жоқ. Бізден аузымызды уақытында ашып, жақсы билеу ғана талап етілді. Ешкім маған қаламақыдан 5% ғана алатынымды айтпады. Бізде бір ғана костюм болатынын да айтқан жоқ. Көкеевтің ресто-бары ашық болған кезде біз кешкі оннан түнгі үш-төртке дейін сонда отыруға міндетті болды. Таңғы төрттерде караокеге келушілердің қалаған әнін орындауға мәжбүр болдық.  Ақшаға қатысты істер түсініксіз болды. Тегін өнер көрсететін кезде бізбен бірге Карина баратын. Ақылы кезде Дархан баратын. Іс жүзінде топтың директоры кім екенін жарты жылда түсінбей-ақ кеттім. Егер қыздардың бірі келісімшатты бұзғысы келсе немесе ережелердің біреуін бұзса айыппұл салынатын. Ал келісімшартты Көкеев бұзса ешқандай өтемақы туралы сөз болған жоқ. Қыздар туралы ештеңе жазғым келмейді. Әрине оларға ренішім бар. Мені пайдаланғанын ұнатпаймын. Ешқандай даму жоқ, не тұлғалық, не мансаптық даму жолын біз көрген жоқпыз. Бәрі бір орында тұр. Мені ешқандай түсініктемесіз алып тастады. Бастық менің көзіме қараған жоқ. Карина арқылы жұмыстан босатты»-деп жазған бойжеткен.
 

Вся правда о «Рахат-Лукум» Как многие знают я пробыла в группе с декабря, взяли в группу меня сразу после конкурса “miss Astana 2018”. Когда я пришла на собеседование с Ерланом Кокеевым, никто не спросил у меня умею ли я петь, хотя занималась вокалом я последний раз лет в 13, да и выдающимся голосом не обладаю, меня взяли без прослушивания и кастинга. Обещали мне известность и золотые горы а по факту.... Никто не предупредил меня что песни с которыми мы будем выступать - поют и записывают другие девушки???? от нас же требовалось просто вовремя открывать рот и хорошо танцевать. Никто не предупредил меня сразу что получать я буду 5% от гонорара за выступление???? Никто не предупредил меня что у нас один костюм на все случаи жизни, причём такой, который все уже называют « легендарным» ???? Больше всего меня возмущало то, что пока был открыт «ресто-бар Кокеева» мы были обязаны сидеть там с 10 вечера до 3-4 ночи ( а желательно до закрытия), чтобы привлекать больше посетителей, а так как это караоке, к 4 утра нам приходилось петь песни которые выбирали гости и просто пихали нам микрофон????????‍♀️ от чего же сам Ерлан Амантаевич там не сидел и не пел со всеми я без понятия. Очень напрягали непонятные и мутные дела с деньгами, когда у нас были бесплатные выступления- с нами ездила Карина, когда платные - Дархан. Кто по факту директор группы, за полгода я так и не разобралась. Ещё очень странные дела творились с контрактом, если девочка хотела расторгнуть контракт или нарушала одно из правил, как правило должен был быть штраф, ОДНАКО если контракт расторгался Кокеевым ни о каких неустойках речи конечно же не шло. Писать о девочках я ничего не буду, хоть у меня и есть свои обиды на них, но... женская солидарность делает своё дело)) я рада что я больше не там, не люблю когда мною пользуются. Никакого развития,личностного или карьерного, ни девочки ни я не видели, все просто стоит на месте. Убрали меня без объяснений, шеф не посмотрел мне в глаза, уволил через Карину. В общем, за неуважение я рассказала как есть)) и расскажу всем кто попросит.❤️????

Публикация от Belaya Vlada (@belaya_v)


Дереккөз: Reactor
Все новости