|    |  
16 қазан 2019
22:10
Ресей президенті доллардан бас тартуға үндеді
29 қазан 2015, 10:28 17
Ресей президенті Владимир Путин мұнайдың ішкі саудасында доллардан бас тартуға үндеді. Бұл жайында ол отын-энергетика кешенін дамыту жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді деп жазады ТАСС.



Путин мұндай шешімнің заңға қайшы екенін біледі. Алайда өзге елдермен есеп айырысудағы рубльдің құнын арттырмаса тағы болмайтынын қадап айтты.

Еске салайық, таяуда Армения премьер-министрі Овик Абрамян Еуразия Экономикалық Одағы аясындағы елдердің рубльге көшуі жайлы ұсыныс тастаған. Қазір одақ арасындағы мемлекеттер өзара доллармен есеп айырысуда.

Ал Мысыр мен Қытай Ресеймен арадағы тауар айналымында рубльмен есептеседі.

Дереккөзі: Астана телеарнасы
 
Все новости