|    |  
19 қараша 2019
07:18
Ресейде Айфон тәріздес құлпытас шығарылуда
30 мамыр 2016, 10:48 73



Новосібірдегі «Белый тополь» көрмесінде жерлеу қызметтерін ұсынатын фирмалардың бірі iPhone 4/4s пішіндес құлпытасты жұрт назарына ұсынды деп жазады ресейлік БАҚ.
Бір құлпытастың құны нағыз айфонның бағасымен шамалас. Оны жасаушылардың сөзіне қарағанда, мұндай құлпытас Красноярсктегі тапсырыс берушіге жөнелтілді.
«Құлпытас кез-келген пішінде (смартфон) болуы мүмкін. Осындай бастаманы әлеуметтік желіден көрдік. Біреу бізге осындай фотоколлаж жасап берді, клиенттеріміздің біріне ол ұнады, сөйтіп біз айфон пішінді құлпытас» - деді жерлеу қызметтерін ұсынатын  фирма директоры Павел Калюк. 

Все новости