|    |  
20 қараша 2018
05:00
Ресейде Масленица мерекесі кезінде ер адам құймақ жеп қайтыс болды
15 наурыз, 15:07 1076

Ресейдің Воронеж қаласында Масленица мерекесін тойлау кезінде шараға қатысушы ер адам құймақ жеп қайтыс болды.

Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары хабарлайды.

Оқиға 12 наурыз күні ала бағында болған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам құймаққа қақалған болу керек. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, қайғылы оқиғадан соң мерекені тойлау шарасы тоқтатылған. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Stan.kz
Теги: Қоғам
Все новости