|    |  
21 наурыз 2019
18:57
​Ринат Зайытов: Димаш қазақты әлемге танытып жүрген жоқ, ол Қытай саясатының құрбаны
28 желтоқсан 2018, 10:42 37
Айтыскер ақын Ринат Зайытов «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, Димаш Құдайбергенге қатысты ойын білдірген. Ақын Димашты Қытай саясатының құрбаны дейді.  


 
«Талант пен ұлтқы қызмет ететін адамды ажырата білу керек. Екеуі мүлде екі бөлек. Мен Димашты «Сендей әншілерден қорқамын» деп сынағанда біздің жастардың оның соңынан еретінін білдім. Ал Димаштың қазіргі образын кім қалыптастырды? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен осылай болатынын білгенмін. Ол болған практика. Бірақ Димаш Қазақстанда жүрген кезінде, мысалға «Саз әлемінде» жүргенде бір адам оны қолынан жетектеп, сол жерге барсын деп сүйреді ме? Жоқ, жарқ етіп шыққан кезде біз мақтануға мәзбіз. Біздің бала, біздің бала дейміз. Егер біздің министрліктің басы істейтін болса оны «Славян базарынан» кейін Қазақстанның опералық паспорты ретінде пайдаланып, керісінше қоюы керек еді. Димаш Құдайбергенов қазіргі уақытта таза Қытай саясатының құрбаны»-дейді ақын.
 
Сондай-ақ қазақтың атын әлемге танытып жүрген таланттар туралы да ойын білдірген. «Қазақты дүние жүзіне танытып жүрген Ерлан Рысқали, Қанат Ислам, қазақтың шапанын брендке айналдырған Геннадий Головкин. Димашты бұл қатарға қай жағдайда қосамыз? Егер Димаш бір концертінде шығып, микрофонын жерге тастай салып, «Менің ұлтымды осы мемлекет қорлап жатқанда мен бұл жерде ән айтпаймын» деген ерлік жасайтын болса біз сол кезде Димашқа ескерткіш қойсақ та артық емес»-дейді Ринат Зайытов.
Все новости