|    |  
14 желтоқсан 2018
12:39
​Рио-2016: Солтүстік Кореяның гимнасшысы Оңтүстік Кореяның спортшысымен суретке түскені үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін
09 тамыз, 12:29 649

 
 
Солтүстік кореялық гимнасшы қыз Хон Джон Юн мен оңтүстік кореялық Ли Ын Джунның суреті екі ел арасындағы достықтың сирек символы болып отыр. Алайда КХДР билігі Хон Джон Юнның бұл қылығын Отанға жасалған сатқындық ретінде қабылдауы мүмкін. Ал ел заңы билікті тайдыру, мемлекетке сатқындық жасау және терроризм үшін өлім жазасына рұқсат етеді.
 
Бұқаралық ақпарат құралдары соңғы жылдары Солтүстік Кореяда азық-түлік ұрлағаны немесе елбасшысы Ким Чен Ынға құрметсіздік танытқаны үшін қаншама адамның лагерге жөнелтіліп, 16 сағат жұмыс істеп, аштыққа ұрынып жатқанын жазуда. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның фильмдері мен порнографияны көргені үшін, Інжілді оқығаны үшін азаматтар жария түрде өлім жазасына кесіледі.
 
Дереккөз: today.kz
Все новости