|    |  
14 желтоқсан 2018
12:36
Рио-де-Жанейрода Олимпиада алдында қаржылық төтенше жағдай жарияланды
20 маусым, 10:48 796


Бразилияда алдағы тамыз айында жазғы Олимпиада ойындары өтетін Рио-де-Жанейро штатының билігі қаржылық төтенше жағдай жариялады. Осылайша, аймақ әкімшілігі әлемдік додаға қосымша ақша бөлуді сұраған, деп хабарлайды 24.kz.
Ақша қарастырылмаған жағдайда денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық көлік пен қауіпсіздік сияқты әлеуметтік салалар толық күйреуі мүмкін.
Айта кетейік, Бразилияның бюджеті бағасы құлдыраған мұнай өндірісіне толықтай тәуелді. Бірақ Ұлттық олимпиада комитеті қаржылық төтенше жағдай ойындардың өтуіне кедергі келтірмейді дейді, себебі халықаралық сайысқа қаражатты жекелеген инвесторлар құяды.
«Қаржылық жағдайды түзету үшін қатаң шаралар қабылдау керек. Үкімет штатпен бірге қала жұмысындағы денсаулық сақтау жүйесі мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселерін шешуге жеткілікті көңіл бөлуі тиіс», - дейді Рио-де-Жанейро штатының губернаторы Франсишку Дорнеллиш.
 
Все новости