|    |  
14 қараша 2019
08:36
​Роза Әлқожа Әбдіжаппардың отбасы жайлы айтты
20 қараша 2017, 17:37 171
Отбасы жайлы елге көп айта бермейтін әншілердің қатарында Әбдіжаппар Әлқожа да бар. Жұрт жас әншінің үйленгенін білетін. Бірақ келіншегі туралы да, бала-шағасы туралы да әншінің өзі жақ ашпаған. Осы жолы әншінің әпкесі Роза Әлқожа «Айта берсін» бағдарламасында Әбдіжаппардың отбасы жайлы бар шындықты айтты.


 
«Әбдіжаппар жарын жасырған жоқ. «Хабар» телеарнасына Толқын Сейдоллақызы шақырғанда жарын алып шықты. Ол кезде танымал болған жоқ. Содан ел білген жоқ. Негізі өзім фейсбукте құттықтап, суретін салдым. Одан кейін өзі «Мен әнші ретінде танылайыншы, содан кейін сала берерсіз» деді. Енді жігіт адам болған соң, егер дұрыс жігіт болса отбасы болуы міндетті ғой. Сондықтан бәрі өз уақытымен болған. Құда түсіп барғанбыз. Тойдың өткеніне екі жыл болды. «Екі жұлдыз» деген тойханада өтті тойы. Қазір екі ұлы бар»-дейді әнші.


 
Әнші әпкесі сондай-ақ Әбдіжаппардың өнеріне де тоқталған. «Қазір бірде-бір той Әбдіжаппардың «Махаббатсыз өмір», «Тәтті ару» деген әндерінсіз өтпейді. Әндері хит болып жатыр. Әбдіжаппар көктен салбырап түскен жоқ. Менің қасымда жүргеніне он бір жыл болыпты. Он төрт жасында келген. Өзінің тарихы, өзінің жолы бар. Конкурстарға қатысқан. Содан бері ізденіп келе жатыр. Оның қатарластары Төреғали, Ернарлар шыққан кезде мен оны аяғынан тарттым. Өйткені махан жылдам шыққан ұнамайды. Әбден піссін. Өзі еңбектенсін. Сахнаның шеберлігін шыңдасын. Асып, таспасын. Қазір жиырма бесте. Өзінің дер уақыты деп ойлаймын»-дейді Роза Әлқожа.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости