|    |  
18 қараша 2018
17:15
S&P Қазақстанның кредит рейтингін төмендетті
18 ақпан, 12:55 658


Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақ мерзімді кредит рейтингін шетелдік және ұлттық валюта міндеті бойынша ВВВ-дан — ВВВ деңгейіне дейін төмендетті. Бұл инвестициялық деңгейдің ең төменгі шегі, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Агенттіктің баспасөз баяндамасында хабарланғандай, рейтинг болжамы «негативті» болған.

Сондай-ақ, рейтинг агенттігі шетелдік және ұлттық валюта міндеті бойынша Қазақстанның қысқа мерзімді рейтингін «А-2-ден» «A-3-ке» дейін түсірген. Ал ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzAA+-тен»  «kzAAға» төмендеді.

Агенттіктің мәлімдеуінше, Қазақстанға қатысты жоспардан тыс рейтинг әрекеті әлемдік мұнай нарығындағы болжамға сәйкес қарастырылған.

S&P болжамына сәйкес, Қазақстанның экономикасы нөлдік деңгейде қалады. Ал ЖІӨ көлемі 2017 жылы 1,5%, 2018 жылы 2,2%, 2019 жылы 2,5% болады.
Все новости