|    |  
22 ақпан 2019
17:13
Сәбиге неше айдан бастап массаж жасау керек?
17 қаңтар 2019, 10:27 71

 Сәби ағзасы дұрыс өсіп-жетілуі үшін массаждың алатын орны ерекше. Мамандар сәбилерге 2-3 айлығынан бастап массаж жасауға кеңес береді.

1,5-3 айлық балаға шартсыз рефлекске негізделген жаттығу жасау қажет. Сәбиге гимнастика жасағанда қозғалысының дұрыстығына назар аударған жөн. Оларға қолданылатын массаждың негізгі түрі – денесін сылап-сипау, ысқылау.

3-4 айлық кезінде қол-аяғын көп керіп созбайды. Себебі бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін.

3-6 айлық баланың аяқ-қолын айқастырып, бұлшық еттерін абайлап созғылап, саусақтарын баяу қимылдатады.

6-10 айлығында баланың еңбектегеніне назар аударған жөн. Еңбектеу сәби денесінің бұлшық еті мен қол-аяғы қатаюына ықпал жасайды. Осы кезеңде жаттығу жасағанда сәбимен мүмкіндігінше көп сөйлесу керек. Ересектердің көрсетуі бойынша бала кейбір жаттығуларды өзі жасайды, сонымен қатар бұл бала тілінің шығуына көмектеседі. 

10-14 айлығында аяғын таяқшаға дейін көтеріп жеткізу, қолынан ұстап демегенде отыру, денесін қисайту және түзету, бір нәрсеге шығу және одан түсу т.б. жаттығуларды енгізуге болады.

Массаж, гимнастика жасайтын бөлмелердің жақсылап желдетілуі, ауа 20°С температурасынан төмен болмауы тиіс. Жаз айларында барлық процедураны аулада, көлеңкелі жерде 20-22°С температурада жасау керек. Массажды биіктігі 70 см-ге жуық столға бірнеше қабат көрпе немесе жаялық төсеп жасаған ыңғайлы. Жаттығуды тамақтандыруға 30 минут қалғанда немесе тамақтанған соң 1-1,5 сағаттан кейін белгілі бір мезгілде жасайды. Әр жаттығуды немесе массаж жасауды 2-6 рет қайталайды. Жаттығу уақыты 10-12 минуттан аспауы керек.
Все новости