|    |  
20 қараша 2018
18:37
​Сәбіз қосылған котлеттер
26 қазан, 17:37 629

 
Ингредиенттер:
 
Сәбіз-1 кг
Сүт-0,5 ст
Қант-1 ш.қ.
Өсімдік майы
Ұнтақ жармасы-0,5 ст
Жұмыртқа-3 тал
Кептірілген нан ұнтағы-0,5 ст
Тұз
 
Дайындау тәсілі:

Ұсақ үккіштен сәбізді өткіземіз. Кішігірім қазанға салып үстіне қант,тұз,1 шай қасық май қуйып араластырамыз. Жылы сүт қосып отқа қойып қайнатамыз. Аздап ұнтақ жармасын қосамыз да 7-10 мин қайнатамыз. Жұмыртаның сарысын қосып араластырамыз. Дайын болған қоспадан котлет дайындаймыз. Қуырардың алдында жұмыртқаның ағына араластырып сосын кептірілген нан ұнтағына аунатамыз. Дайын болған котлетті қаймақ қосып дастарханға қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!
Теги: Ас мәзірі
Все новости