|    |  
20 қазан 2019
10:49
Сабырсыздықтың соңы
27 ақпан 2019, 09:43 39
Өте сабырсыз бір жігіт досының үйіне амандаса барыпты. Досы тұратын қабатты үйдің қақпасында тұрып есік қоңырауын басады. Есік қоңырауы екі мәрте шырылдаса да, ешқандай жауап болмайды. Ол тағаты таусылып, үйіне қайтып кетіпті. 



Біраз жолға келген соң, бұлай істегенім жараспас деп қайта айналып келіп, есік қоңырауын баспты. Бұл жолы екі мәртеден соң еш жауап болмаған соң, ашуланып кетіп қалыпты. 

Ол біраз жолға барып, тағы да кері қайтыпты. «Мен келемін деп айтып қоймап па едім. Үйде жоқ болуы мүмкін емес. Мүмкін бірер шаруаға айналып, естімей қалған болуы керек» деп ойлапты. Қайта келіп, есік қоңырауын қанша басса да, жауап болмапты. Енді шынымен ашуға мінген ол, қайта айналып жүре бергенде, төбесінен мұздай суық бір шелек су өне бойын малшындыра құйып өте шығыпты. 

Сөйтсе оның үйдегі досы есік қоңырауының тұтқасын алса, адам жоқ. Біраздан соң тағы алса, тағы адам жоқ. Әбден ашуға мінген ол «біреу мені ақымақ қылайын деген екен» деп, бір шелек суды алыпты да, үшінші мәрте қоңырау шалынған соң, терезеден әлгі жігіттің басына шашып жіберіпті. 

Сабырсыздық кейде құралақан қалдырады. Құралақан қалсаң мейлі, ол тіпті келістіріп «сыбағаңды» беруі де мүмкін. Күтуге тиісті адамдар болса, сабырлықпен күткенге не жетсін!

Дереккөз: Reactor
 
Все новости