|    |  
18 қараша 2018
21:25
Сәкен Майғазиевтің ұлы ата-анасын құттықтады
29 тамыз, 11:24 1174


МұзАрттың белді әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет әке-шешесін ата-ана мәртебесіне ие болған күндерімен құттықтады. Өзінің инстаграмдағы парақшасына: «Ішімде теңіздей толқып жатқан терең ойды қанша жазуға тырыссам да жеткізе алар емеспін. Ата-ана атағына ие болғандарыңызға 18 жыл толуымен! Шүкір»-деп жазған.  Әділеттің ата-ана атанған күні, демек Әділеттің туған күні. 18 жасқа толды. Әлеуметтік желідегі оқырмандары оны туған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.

Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет 1998 жылы, қызы Раяна 2013 жылы, Мәриям 2016 жылы дүниеге келген. Жарының есімі Динара.

 
Все новости