|    |  
21 қараша 2018
06:53
Самбошы ауыр жарақат алған қарсыласын кілемнен арқалап алып кетті (видео)
24 маусым, 12:09 1525



Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бірінші Еуропа ойындарындағы белоруссиялық самбошының әрекеті әлем жанкүйерлерінің қошеметін туғызды.


Самбодан 74 келі салмақ дәрежесінің финалында әзербайжандық Алим Гасымов пен беларусь Степан Попов кездеседі.

Ақтық сында Попов жеңіске жетсе, Гасымов ауыр жарақат алып, кілемнен өздігімен кете алмай қалады.
Осы сәтте Степан Попов споршыға тән азаматтық жасап, қарсыласын кілемнен арқалап алып кетті.

Бүгінде беларусь спортшысының бұл әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлер Поповқа адамгершілігі үшін алғыс айтуда.

Дереккөзі: Nur.kz
Все новости