|    |  
24 тамыз 2019
19:02
Samsung компаниясының басшылығы сапасыз смартфондары үшін тізерлеп тұрып кешірім сұрады
08 қараша 2016, 15:18 27

 
Қытайдың Шицзячжуан  қаласында Samsung компаниясының басшылығы  Galaxy Note 7 смартфондарының сапасыздығы үшін дилерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрады.

Алайда компания қызметкерлерінің кешірім сұрамақ болған бұл қылығы көпшілікке керісінше әсер еткен. Себебі Қытайда айрықша жағдайларда ғана тізерлейді.

Өз кезегінде Samsung компаниясының өкілдері ұлты кәріс басшылардың кешірім сұрағанын, ал кәрістер салтында тізерлеп кешірім сұраудың шынайылықты білдіретінін жеткізген.

Дереккөз: nz1.ru
Все новости