|    |  
21 қаңтар 2019
10:53
Саудиялық актер селфиге түскені үшін қамалды (видео)
28 қазан 2015, 12:40 1064
Сауд Арабиясындағы танымал актер, тележүргізушісі Абдул Әзиз әл-Кассар(Abdul Aziz al-Kassar)  елдегі сауда орталықтарының бірінде ондаған қызбен селфиге түскені үшін ұсталып, қамауға алынды деп хабарлайды The Independent сілтеме жасай отырып lenta.ru.



Әл-Кассар Эр-Риядқа арнайы сапармен келген кезде жанкүйерлердің қоршауында қалып қойған.
“Қалаға келместен бұрын мен ғаламатордағы өз оқырмандарымнан ең жақсы сауда орталығы қайсы деп сұрадым. Олардың барлығы бірауыздан әл-Накхил деп жауап берді. Мұнан кейін әлеуметтік желіде дәл осы сауда орталығына жұма күні баратынымды жаздым”, – дейді актердың өзі. Актердің сөзіне қарағанда, ол өзін аталған сауда орталығында көп адамның күтетіндігін білмеген.

YouTube желісіне жүктелген бейнежазбада қыздардың актерды қоршап алып, онымен бірге суретке түсіп жатқанын жақсы көруге болады. 



Тележүргізушіні бірнеше сағат қамаудан кейін кепілдікпен бостандыққа жіберді.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Все новости