|    |  
20 ақпан 2020
22:01
Саят Әбенов баласын тастап кетті дегендерге жауап берді
14 қараша 2019, 12:05 502
Кеше «Астарлы ақиқат» бағдарламасына торғайлық ақын Саят Әбеновтің бұрынғы жары келіп, ақынның ауру баласына көмектеспейтінін айтқан еді. Ақын осы орайда әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап берген.


 
«Жеке өмірім жайлы емес өткен өмірім жайлы айтып берейін. Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Жалпы сыртым күліп жүргенмен ішім мұңға толы. Біреу сезінер, біреу сезінбес. " Бақытсыз неке" деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар?! Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын. Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн - біздің өмірімізді өзгертті. Арада екі апта өткен соң " жүктімін " деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып ертеректе қайтқан екен. Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті. Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді " бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін " деді. Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде. Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді. Сәбидің еш жазығы жоқ қой шыны керек сәбилі болғаным үшін қатты қуандым. Ол қуанышымыз бірақта ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауыланан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар. ) Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді. Тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбейді. Содан қатты қиналып кеттім. Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып әйтеуір басу айтты. Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап мен де өз жөніммен кеттім. Алланың берген бағы - ақындығым жаныма серік болды.Мені жеке өмірім тастап кетсе де жеке өнерім тастаған жоқ. Содан арада біраз жыл өтіп атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен. Бірақта оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар.Екі баламен қиналып кеткен соң әлиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым»-деген ақын әрі қарай ештеңе жазбаған.
 

Жеке өмірім жайлы емес өткен өмірім жайлы айтып берейін. Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Жалпы сыртым күліп жүргенмен ішім мұңға толы. Біреу сезінер, біреу сезінбес. " Бақытсыз неке" деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар?! Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын. Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн - біздің өмірімізді өзгертті. Арада екі апта өткен соң " жүктімін " деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып ертеректе қайтқан екен. Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті. Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді " бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін " деді. Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде. Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді. Сәбидің еш жазығы жоқ қой шыны керек сәбилі болғаным үшін қатты қуандым. Ол қуанышымыз бірақта ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауыланан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар. ) Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді. Тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбейді. Содан қатты қиналып кеттім. Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып әйтеуір басу айтты. Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап мен де өз жөніммен кеттім. Алланың берген бағы - ақындығым жаныма серік болды.Мені жеке өмірім тастап кетсе де жеке өнерім тастаған жоқ. Содан арада біраз жыл өтіп атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен. Бірақта оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар.Екі баламен қиналып кеткен соң әлиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым.(Жалғасы төменде????????)

Публикация от Торғайлық ақын - Саят Әбенов (@sayatabenov)


Дереккөз: Reactor
Все новости