|    |  
20 мамыр 2019
01:35
​Сегіз жастағы бала әпкесін қылмыскерден құтқарып қалды
30 сәуір 2019, 16:31 190
Американың Огайо штатында сегіз жастағы бала өзінің әпкесін қылмыскерден құтқарып қалды. Қылмыскер ол кезде автокөлікті айдап кетпек болған. Оқиға 25 сәуірде орын алған.


 
 Балалардың әжесі көлікті аурухананың қасына тоқтатқан, бірақ сөндірмеген. 24 жастағы күдікті Дэлвир Сингх осы сәтті пайдаланып, жүргізушінің орнына секіріп мініп, кетіп қалмақ болған. Бұл кезде екі бала артқы орындықта отырған. Сол кезде ұл бала әпкесін итеріп жіберіп, өзі көліктен секіріп түсіп қалған. Балалар зардап шекпеген. Ал қылмыскер бірнеше ауданнан кейін ұсталған.



Дереккөз: Life
Все новости