|    |  
18 қараша 2018
19:17
Селфиқұмар ұшқыш жазасын алды
05 сәуір, 12:10 886


Қытайдағы Weibo әлеуметтік желісінде жаңа жұлдыз пайда болыпты. Энди атты пилоттың Weibo-сына 72 мың адам жазылып қойған. Жуырда Air China компаниясының осы пилоты әуеге көтерілмес бұрын кабинада отырып, қайта-қайта селфиге түскені үшін ұшу сапарларынан шеттетілді.

Себебі ол Weibo желісіне осы суреттерді тым жиі жариялауды әдетке айналдырған, деп хабарлайды airline.ee. Селфиқұмардың бұл қылығын біліп қойған Air China компаниясы оны ұшу сапарларына шығудан шеттетті деп жазады Лента.ру.

Қазір осыған байланысты ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Компания Эндиді осы әрекеттері үшін қатаң жазалайтынын мәлімдеді.

 
Все новости