|    |  
27 маусым 2019
01:13
Семіздік: салдары және алдын алу
21 мамыр 2019, 10:15 79


Семіздік – артық май қыртыстары салмағының артуынан туындайтын созылмалы ауру. Ол кез-келген жаста дамиды және денсаулық үшін айтарлықтай қауіпті. Қазіргі заманда артық салмақ және семіздік әлем деңгейінде эпидемия деп саналады.

Артық салмақ көбінесе көптеген ағза функцияларының бұзылуына басты себеп болады. Біріншіден, артық салмақ болғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының каупі артады. Дененің артық салмағы аяқ түрінің өзгеруіне, ірі буындардың остеоартрозын және т.б. тудырып, қимыл-тірек жүйесіне кері әсер етеді. Сонымен бірге артық салмақ зат алмасуының әртүрлі бұзылыстарына әкеледі, нәтижесінде атеросклероз және қант диабеті аурулары тууы мүмкін. Семіздік қазіргі қоғамда көп таралған гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, артрит, холецистит, сүт безінің, простата, тоқ ішектің қатерлі ісіктеріне жататын кейбір аурулармен тікелей байланысты. Артық салмағы бар адамдарда өзін-өзі төмен бағалау, жабығу, невроз және т.б. психологиялық проблемалар бар. 

Семіздіктің алдын алу:

фаст-фудтан толықтай бас тарту;
тамақтану негізінде жармалар, А тобының макарон өнімдері, ірілеп тартылған ұн, көкөністер, бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер;
көкөністер қай түрінде болса да пайдалы болып келеді. Оларда көп жасұнық және пайдалы көмірсулар бар;
ең жақсысы – көкөністі майсыз етпен немесе балықпен бірге тұтыну;
майлылығы аз ірімшіктер де, басқа сүт және ашытқан сүт өнімдері мен көкөністер өте пайдалы. Олар кешкі асқа мінсіз келеді, олармен кешкі асты толықтай ауыстыру керек;
порцияның өлшеміне, сонымен бірге өнімнің құнарлылығына баса назар аудару қажет;

майонез, шұжық өнімдері, кілегей, жаңғақ, шемішке, торт, чипсы және т.б. құрамында майлылығы жоғары өнімдердің тұтынуын азайту керек;
тәтті сусындар, тосаптар, кондитер бұйымдары, қант – жеңіл сіңімді көмірсулар бар өнімдерді тұтынбаған жақсы;
көптеген іс-әрекеттердің аз қозғалысты сипаты, тасымалдау әдістеріндегі өзгерістер және урбанизацияның өсуіне байланысты физикалық белсенділікті арттыру қажет. Артық салмағы бар адамдар тұтынылатын тағамның мөлшерін және физикалық белсенділігінің жүктемесі деңгейін теңестірулері тиіс.
Все новости