|    |  
19 қазан 2019
05:10
Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші қызға үйленді
11 шілде 2016, 11:47 36

 
Шахизада жуырда Алматының элиталы ауданында орналасқан жаңа пәтеріне көшіп барды. Әнші жөндеу жұмыстарына тікелей өзі ат салысқан. Күйзеліп жүрсе керек, пәтерін жанға жайлылық сыйлайтындай әрлеуге тырысқан. Қымбат пәтерінде жалғыз өзі тұрмақ.  Себебі, ол 10 жыл отасқан жолдасымен ажырасты.
"Үйдегінің барлығын өз талғамыма сай таңдадым. Интернетте 5-6 ай бойы өмір сүрдім десем де болады. Өзім, достарым үйге келген кезде жанға тыныштық сыйласын деген ойда болдым. Асан Құрманбеков екеуіміздің сәбиіміз болмағандықтан, ол өзінен 10 жас кіші қызбен отасты. Маған "Домалақ ана барлығына көмектеседі. Сен де сол кісінің әрекетін қайталап, маған басқа қызға үйленуге рұқсат бер" деді. Ойлана келе біреудің бағын байламауды жөн көрдім. Ұрпағын көбейтіп, кішкентайлы болғысы келген шығар. Екеуімізге бөпе бермеген соң ер азамат қой деп батамды бердім. Өтірік айтпағанымды аспанда құдай көріп тұр ғой. Осылайша менен қарағанда жастау қызға үйленді. Бірақ адам баласының көңілі ешуақытта қартаймайды. Үйленіп, үбірлі-шүбірлі болсын. Басқа біреуден кішкентайлы болғысы келген адамды мен қалай байлап ұстаймын?! Шындығында бір-бірімізге түсіністікпен қарадық. Әрине, жүрегім ауырды. Жақсы да, жаман да болса, 10 жыл бірге тұрдық. Бақытты бол, айналайын", – дейді әнші.
 
Дереккөз: alashinform.kz
Все новости