|    |  
21 наурыз 2019
08:52
Шаш жуа аламыз ба?
10 желтоқсан 2018, 15:38 2


Шаш күтімі − оңай іс емес. Біз шашты күнделікті жуып жүрсек те, дұрыс жуу ережелерін білмеуіміз мүмкін. Ол қандай ережелер? 

1. Шашты жумас бұрын сумен шайыңыз. 

Ыстық су шаштың қабыршақтарын ашып, арасындағы кірді кетіруге көмектеседі. Ал жылы су бас терісінен бөлінетін майды шаюға ықпал етеді. Ал бұл, өз кезегінде, сусабын құрамындағы пайдалы элементтер дұрыс сіңуін қамтамасыз етеді. 

2. Шашыңыз ұзын болса, сусабынның алдында шашқа арналған кондиционер қолданыңыз. 

Ия, бұл кеңес біршама сұрақтар туғызуы мүмкін. Себебі біз кондиционерді тек шашты жуғаннан кейін пайдаланып үйренгенбіз. Бірақ оны сусабынға дейін қолданса, ол шашты ұштанудан сақтап қана қоймай, шаш қабыршақтарының зақымданған бөліктерін қалыпқа келтіруге көмектеседі. 

3. Сусабынды тек шаштың тамырына жағыңыз. 

Сусабынды бүкіл шашқа жағудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте бас терісіне жақын орналасқан шаш майланады. Ол − шаштың жаңа, жас бөлігі. Ал шаштың ескі бөлігі − шаштың ұшы оған қарағанда аз майланады. Сол себептен, шаштың түбін сусабынмен мұқият жуып, ұштарын көбікпен жуған жеткілікті. Сусабынды көп мөлшерде қолданудың қажеті жоқ. 

4. Абайлап уқалаңыз. 

Шашқа сусабын жаққаннан кейін абайлап уқалаңыз. Ең дұрысы − вертикальді түрде жоғарыдан төменге қарай шашты ысқылап жуу. Тырнақтарыңызбен бастың терісін тырнаудан аулақ болыңыз. 

5. Шашты бір рет жуған жеткілікті. 

Соңғы кезде шашты екі рет жуу керек деген ақпарат тарап жүр: бірінші рет сусабын шаштың кірін кетіреді, ал екінші рет құрамандағы пайдалы элементтерін береді. Жоғарыда келтірілген бірінші кеңесті есте ұстап, жуар алдында жақсылап тұрып сумен шайып алсаңыз, сусабынды бір рет қана пайдаланған жеткілікті. 

6. Кондиционерді шаштың ортасынан ұштарына қарай жағыңыз. 

Шашқа арналған кондиционерді шаштың түбіне жақпаған дұрыс. Бұл шашты ауырлатып, көлемін жоғалтуға әкеп соғады. Кондиционерді шаштың ортасынан бастап ұшына дейін жағып, неғұрлым ұзақ ұстасаңыз, соғұрлым шашқа жағымды әсер етеді. 

7. Шашты салқын сумен шайыңыз. 

Салқын су шаштың қабыршақтарын тегістеп, бір-біріне тығыз орналасуды қамтамасыз етеді. 

8. Шашыңызға сай сусабын таңдаңыз. 

Шашыңыз құрғақ болса, ылғалдандыратын сусабын қолданыңыз. Шашыңыз боялған болса, бояуды сақтайтын арнайы сусабынды таңдаңыз. Ал шашқа қосымша көлем беретін сусабындар әдетте қалыпты шашқа арналған. 

9. Шашты уақытылы жуып тұрыңыз. 

"Шашты аптасына қанша рет жуу керек?" деген сұраққа нақты жауап жоқ. Ол тек сіздің шашыңызға байланысты. Егер шашыңыз тез майланатын болса, күнделікті жуған абзал. Құрғақ шашты аптасына 2-3 рет жуса жеткілікті. 

10. Шамаңыз келгенше фильтрден өткен суды пайдаланыңыз. 

Кей жағдайда шашыңызды барлық ережені сақтай отырып жусаңыз да, нәтижесі көңілден шықпауы мүмкін. Мұндай жағдайда суға мән беріңіз. Су неғұрлым нашар болса (тұз қоспалары көп, хлордың көлемі шамадан тыс, т.б.), шаш соғұрлым зақымдануы мүмкін.
Все новости