|    |  
20 қазан 2019
13:40
Шелпекті қалай пісіреді?
02 мамыр 2019, 18:18 161


Қаймаққа иленген шелпек 

қаймақ (қолдың қаймағы не болмаса дүкеннің қаймағы) - 200 г. 

қант - 1 ас қасық. 

тұз - 1 шай қасық. 

ұн - 400 гр. 

Қаймаққа қалауыңыз бойынша қант пен тұзды қосып, араластырыңыз. Оған ұн қосып, жақсылап илеңіз. Дайын болған нанды қажетті бөліктерге бөліп, шелпек жайып, қызығын майға қуырыңыз. Қаймаққа иленген шелпек өте жұмсақ, нәзік болып шығады. 

Су немсе сүт – 1 кесе. 

Ұн – 2 кесе. 

Тұз – 1 шай қасық. 

Қант – 1 ас қасық. 

Суды немсе сүтті отқа қойып, жылытып алыңыз. Оған тұз бен қант қосыңыз. Дайын қоспаға ұн араластырып, қамыр илеңіз. Майға екі жағын 3-4 секунд қуырыңыз. Қантты тым көп қоссаңыз, шелпектер тез күйіп кетуі мүмкін. Ал қамырдың тұзы көп болса, ол жаю барысында жыртылуы мүмкін. 

Айран - 1 кесе. 

Сары май - 2 ас қасық. 

Қант - 1 ас қасық. 

Ұн - 3 кесе. 

Айран мен қантты араластырыңыз. Қоспаға жібітілген сары майдың бір ас қасығын қосып, тағы араластырыңыз. Біртіндеп ұн қоса бастаңыз. Ұнның мөлшері 3 кеседен асуы мүмкін, ол айранның қоюлығына байланысты болады. Айранның дәмі ащы болғандықтан, тұзды қоспаған абзал. Дайын қамырды бөліктерге бөліп, шелпектерді қызыған майға қуырыңыз.

Дереккөз: Reactor
Все новости