|    |  
15 желтоқсан 2018
07:11
​Шығыс Қазақстан облысында жалғыз басты әжейдің мәйіті үйінде үш ай жатып қалған
22 қараша, 09:38 1342
 
 
Круглозерный ауылының 63 жастағы тұрғыны Светлана Кененбаева үш ай бұрын қайтыс болған.  Бірақ оны ешкім білмеген. Үш айдан бері зейнатақысын алуға келмегеннен кейін әжейді пошташылар іздей бастаған. Көршісінің айтуынша, марқұм зейнеткер өмір бойы анасымен бірге тұрған. Үш жыл бұрын анасы қайтыс болғаннан кейін жападан жалғыз қалып, жүйке жүйесі сыр беріп, көршілерімен қарым-қатынастан тыйылған екен. Ал көршілері көптен бері көрінбей кеткен зйенеткерді психикалық диспансерде ем алып жатыр деп ойласа керек.
 
Медициналық сараптама мәйіттің 10-тамыздан бері жатқанын анықтаған. Ал көршілері ешқандай иіс сезбегенін айтып отыр. Ауыл халқы бір кісідей жұмылып, жерлеу рәсімін өткізген.
 
Дереккөз: uralskweek.kz
Все новости