|    |  
28 қаңтар 2020
02:26
​Шымкентте дәріханалардан жөргектерді ұрлап келген күдікті ұсталды
10 қаңтар 2020, 14:52 81
Шымкентте дәріханалардан жөргектерді ұрлап келген күдікті ұсталды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осындай үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталған.



Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4  және 5-ші қаңтарда полицияға белгісіз адамның жергілікті дәріханалардан шетелдік жөргектерді ұрлап кеткендігі туралы бірнеше хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтаған.  Ол бұрын сотты болған 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Әл-Фараби және Абай АПБ-ның қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктінің  ұстаған. Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында оның  тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Күдікті ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып келгені анықталды. Қазіргі таңда осы жәйтке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «ұсақ-түйек жымқыру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада. 



Автор: Айнұр Ақбаева
 
Все новости