|    |  
21 қараша 2018
19:02
Шымкентте қарақұрт шаққан адамдар саны өсті
22 маусым, 09:04 2244
Шымкентте қарақұрт қаптай бастады. Өткен жылмен салыстырғанда улы өрмекшіден жапа шеккен тұрғындар биыл 3 есе көп деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір айда 30-дан астам адам ауруханаға түскен. Тіпті, жансақтау бөлімінде жатқандары бар. Ал, күн ысыған сайын көбейетін улы жәндіктің тартқызар азабы әлі алда дейді мамандар.

Ең үлкені екі сантиметрден де аспайтын қарақұрт Қазақстандағы ең улы жәндіктер қатарында. Әдеттегідей мамыр айында улы өрмекшіден зардап шеккендер түсе бастағанда дәрігерлер мән бермеген екен. Тек, бір ай ішінде шаһарда 30-дан астам адамды қарақұрт шаққанда дабыл қаға бастады.


Шымкенттік токсикологтар 3 жылдан бері у қайтаратын дәрілерден бас тартыпты. Оның орнына жапа шеккендердің иммунитетін күшейту арқылы емдеуді жөн санайды. 40 жылын токсикология саласына арнаған Икрам Төлеев қарақұрттан сақтанудың бірден-бір жолы тұрған орныңды таза ұстау дейді.

Ауруханаға түсіп жатқандардың басым көпшілігі қала маңынан құрылыс салып жатқандар.

Қарақұрт құрылыс орындары, арық маңы мен тақырда бірдей кездеседі. Шымкентте мұның бәрі жеткілікті. Әрі күн ысыған сайын қарақұрттың шағуы да көбейеді екен.

 
Теги: Главная
Все новости