|    |  
13 желтоқсан 2018
18:19
​Шымкенттік кәсіпкер Жазира Жаппарқұлға сәйгүлік мінгізді
24 тамыз, 11:51 1649

 
Рио Олимпиадасында ел қоржынына жүлде салған Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгті шымкенттіктер зор құрметпен қарсы алды. Спортшыларды қарсы алу үшін Шымкент әуежайына екі мыңнан астам адам жиналған.
Оңтүстік Қазақстаннан Рио Олимпиадасына барған 21 спортшының арасында жүлде еншілеген де осы екі спортшы. Отгонцэцэг қола медальды ел қоржынына алғашқы болып салса, Жазира күмісті иеленген болатын.
 


Қос спортшы бапкерлері мен жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, Токиода бұдан да жақсы өнер көрсетуге уәде етті.
 
Шымкенттік кәсіпкер Жазира қызға ақ сәйгүлік сыйлады. Содан кейін спортшыларды екі қабатты автобусқа отырғызып, Шымкентті аралатқан.
 
Дереккөз: ratel.kz
Все новости