|    |  
20 тамыз 2019
12:29
Шын ғашық болған адамның белгілері
29 шілде 2019, 12:43 194
Ғашықтық – әрқайсымыздың басымыздан бір рет болсын өткен, ең тәтті сезімдердің бірі. Жүрегіміз алып-ұшып, тағатсыздана соқса, енді бірде қорқыныш сезімін ұялатады. 



Ғашық болсаңыз, өміріңізді сүйіктіңізсіз елестете алмайсыз. Әрине бұған дейін өмір сүргеніңіз анық, алайда ол кезде бар болғаны тіршілік иесі ғана едіңіз. 

Махаббат әр адамның басынан түрліше өтеді. Оның субъективті сезім екені рас. Алайда басынан өткізген кез келген жан махаббаттың әлемдегі ең тамаша сезім екенін мойындайды. 

Шын ғашық болған адамның белгілері төмендегідей болады: 

[♥]  Сіздің ғашығыңыз әр күніңізге шаттық сыйлайды 

Американдық актер әрі музыкант Чайлдиш Гамбино өлеңдерінің бірінде «Мен жалғыз қалған кезде тек бір өзіңмен болуды армандаймын» дейді. Сол секілді сүйіктіңізді көретін күн – нағыз бақытты шақ. Егер сіз шын мәнінде біреуді жақсы көрсеңіз, оны үнемі көргіңіз келіп тұрады. 

[♥]  Ояна салысымен бірінші ойға алған адамыңыз – сіздің өмірлік жарыңыз 

Ол адам туралы тек таңертең емес, ұйықтар алдында да ойлайсыз. Әрдайым қуанышыңызбен бірінші сол адаммен бөліскіңіз келеді. Ал жаман бір нәрсе болып қалған жағдайда сол адамның қолдауын іздейсіз. 

♥ Жеке қызығушылықтарыңыз екінші орынға ысырылады 

Махаббат құрбандықты талап етеді. Ғашығыңыздың қызығушылығы алдыңғы қатарға шығады. Сіздің қызығушылығыңыз сүйіктіңіздікінің жанында маңызды рөл ойнамайды. 

♥ Сіз ол үшін барлығын жасауға дайынсыз 

Ғашығыңыз үшін не істей алатыныңыз туралы тізім жазар болсаңыз, бір дәптердің өзі жеткіліксіз болар. Біреуге ғашық болған кезде ол адамның тілегін міндетті түрде орындайсыз. 

Адамды ұнатқан кезде ол үшін бір нәрсе жасай алатынымыз анық. Алайда мүмкіндіктер шектеулі болады. Ал махаббат мәселесінде олай емес. 

♦ Өз сезіміңізді өзгелердің алдында жария етуден еш қорықпайсыз 

Ғашық болған кезде жүрегіңіздегі сезім туралы барлығы білсе екен деп ойлайсыз. Өз сезіміңізді жария етуден жүрексінбейсіз.

Дереккөз: Reactor
Все новости