|    |  
13 қараша 2018
23:04
Сингапурде өткен технологиялық конференцияда қазақстандық жоба үздік ондыққа енді
24 маусым, 10:10 694
""



Сингапурде өтіп жатқан ірі «Echelon Asia Summit» 2015 технологиялық конференциясында перспективалы старт-жобалар таңдалды. Іріктеу нәтижесі бойынша қазақстандық «EcoSocket» жобасы үздік Топ-10-қа кірді. Қазақстандық қатысушылардың айтуынша, отандастарымыз Сингапур, Гонкгонг, Австралия, Тайвань, Таиланд және Филиппин жобаларымен бәсекеге түскен. 

«EcoSocket» - белгі беру үшін Wi-Fi-таратқыш, тоқ тетігі, релемен жарақталған электр аспабына розеткадан жалғасатын тетік (электр энергиясын тұтыну нақты аспаппен және энергия көзінен аспапты сөндіру/жағу тетігімен өлшенеді).

«Біз ондыққа кіретінімізге сенімді болдық. Ұзақ уақыт дайындалдық. Азиялық стартап-қауымдастық кеңес беруге бірден әзірлігімен, белсенділігімен ерекше. Бірнеше кездесулер тағайындалып, инвестициялар ұсынылды. Ертең конференцияның басты сахнасына шығамыз. Жобаны пысықтау үстіндеміз», - деді жобаның негізін қалаушы Санжар Мырзағалым.

-EcoSocket» тетігінен басқа қазақстандық тағы 8 стартап бар. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қолдауымен өз өнімдерімізді алғаш рет әлемдегі ең ірі нарықтарға (Үндістан мен Қытайды есептемегенде 800-ден астам адам) шығарып отырмыз, - деді ол.
Дереккөзі:kazinform.kz
Теги: Главная
Все новости