|    |  
16 қазан 2019
00:07
Сіңір тартылуы
10 қаңтар 2019, 11:11 43


Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.

Керу: Балдырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтары жоғары қарайтын күйде аяқ басқа қарай тартылады және осы қалыпта 30 секунд уақыттай тұрады. 

Ыстық-суық емі: Сіңір тартылған жер мұзбен 5 минут уқаланады. Сол кезде қызарса, қан жасушаларының бұлшық еттерді жылытқанын білдіреді. Ыстық суды бір қапшыққа құйып, сол қапшықпен де бұлшық етті босатуға болады.

Азық: Сіңір тартылу жиі-жиі кездескені, дененің кейбір минералдар (калий, кальций) тұрғысынан жеткіліксіз азықтанғанын білдіреді. Кальций үшін майсыз сүт және айран, ал калий үшін картоп, банан сияқты жемістер желінеді.

Жеткіліксіз сұйықтық: Денеге жеткіліксіз мөлшерде су кірмегендіктен сіңір тартылуына себеп болады. Сол себепті жүйелі түрде су ішіледі.

Көмекші азықтар: Бал, түнде болатын аяқтағы сіңір тартылуларының алдын алуы мүмкін. Алмадан жасалған сірке суы калий элементіне қанық келеді.]
Все новости