|    |  
19 қараша 2019
10:19
​Сиви Махмуди: Жанарды қанша психологтың қабылдауына жаздым, бірақ ол бармады
07 қазан 2019, 15:12 310
Свив Махмуди «Ел аузында» бағдарламасына сұхбат беріп, Жанардың соңғы күндері жайлы айтты. 


 
«Мен енді көзім ашылып, енді түсініп жатырмын. Жанар енді жоқ. Енді жоқ екеніне көзім жетіп, мойындап жатырмын. Мен әлі толықтай күйзелістен шыққан жоқпын. Айдаладағы халық қайғырып жатқанда, маған тіптен екі есе ауыр тиеді. Себебі, мен ол қызбен бір үйде тұрдым. Бір нанды бөлісіп жедік, бірге жүрдік. Күндіз-түні мен бір сәтке шығарғым келмейтін. Себебі, ол күйзелісте жүргеннен кейін мен қорқатынмын. Далаға шықса бірдеңе болып қала ма деп. Мен оны түрлі психологтарға жаздым. Оларға бір сылтаулар тауып, бармай қоятын. Ол жан дүниесінің емі балалары, отбасылық бақыты мен миының тыныштығы екенін алға тартатын. "Мен ауру емеспін, Сиви. Бармайыншы" деп айтатын. Жанар қайтқан күні мазам болмай жүрді. Өзім ауырып та жүріп, ұйықтап қалыппын. Түске таяу бір-ақ ояндым. Он екі - бірлерде тұрдым. Мазам болмай, ұйқыдан тұрайын десем, тұра алмай жатырмын. Түс көріп жатыр екенмін. Кішкентай әппақ көгершінді көріп жатыр екенмін. Суға батып бара жатыр. Әп-әдемі өзі, көзі жұмылып, жаны кетіп бара жатқандай болды. Көзім аша салып, сол бейне әлі де көз алдымда тұрғандай болды. Соны есім жинай алмай соткаға қарасам, хаттар келіп жатыр екен. Көзімді ашып қарасам, Жанар туралы келіп жатыр»-дейді әнші.
Все новости