|    |  
18 қаңтар 2019
08:41
​Сиви Махмуди жас кезінде өзін ренжіткен бай жігіттер туралы айтты
13 желтоқсан 2018, 18:07 159
Әнші Сиви Махмуди «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында жас кезінде өзін ренжіткен бай жігіттер туралы айтты. Тұрмыс құрмай тұрған кезінде әншіні кездесуге шақыратын байлардың балалары аз болмаған. Бірақ бойжеткеннің олардан көңілі әбден қалған көрінеді.

 
 
«Шет елді көріп қалған байдың баласы. Мені ылғи да кездесуге шақыратын. Өзі әдемі, көрікті, мінезі жақсы сияқты. Бірақ екеуміз отырған кезде, шотты алып, санап-санап, маған «мынау сенікі, мынау менікі» деген күндер болды. Сол кезде таңғалатынмын. Дүние десең, дүние жететін еді. Ал біреуі: «Сен бұрын стақан едің, қазір рөмке болып қалдың», – деген сияқты әңгімелер айтады. Бұрын толық едің, қазір белің пайда болды дегені ғой. Я болмаса бассейнге барып, сенің сымбатыңды көру керек еді деген әңгімелер мені қашыртатын» – дейді әнші.
 
Бай жігіттердің мұндай қылықтарынан шаршаған Сиви қазіргі жолдасымен бақытты екенін айтады. «Шыны керек, жолдасым ондай бай, қуатты жерден шықпаған. Бірақ өзіне жететіндей бай жігіт. Өз еңбегімен жеткен» – дейді.
Все новости