|    |  
12 желтоқсан 2018
23:52
​Сіздің теріңіздің тез қартаюынан сыр беретін 5 белгі
19 қараша, 12:26 115

Өз жасыңызға сай түріңіздің болғанына не жетсін, ал өз жасыңызға қарағанда 5-10 жылға жас көріну әрине тіптен керемет. Ал егер «тез қартаюды» бастан өткеріп жатсаңыз, не істеу қажет? Косметологтар ескертуіне сәйкес: теріңіздің тез қартаюы бет-әлпетіңізден анық көрініп тұрады, бар болғаны оны дер кезінде анықтап, шара қолданып үлгеру қажет. Сіздің теріңіздің ертерек қартаю белгілері төмендегідей:
 
Сізде күн сәулесінен қара дақтар пайда болып жатса
Теріні ерте қартайтатын жаман әдеттердің бірі - күннің астында көп жүру екені белгілі. Ультракүлгін сәуленің теріге теріс әсер берерін түсінген дұрыс. Теріңізде қара дақтардың пайда бола бастағанын байқасаңыз, күннен қорғанып жүріңіз, ағартқыш құралдарды да жағыңыз. Сонымен қатар ұялы телефонмен де аз қолдануға тура келеді: кейбір зерттеушілер телефон экранының көгілдір түсі мен беттегі қара дақтардың арасында байланыс бар екенін анықтап отыр.
 
Теріңіз құрғап кетсе

Жас үлкейген сайын теріміз ылғалдылығын жоғалта түседі, оның орнын толтыру да қиын. Жас кезінде майлы теріге арналған жақпа майларды сатып алатын әйелдердің өзі  үлкейгенде құрғақ теріге арналған құралдарға ауысқанын байқап жатады. Теріден ылғалды тек жас қана емес, қоршаған орта, күн, күйзеліс, бәрі де жұтып отырады. Егер теріңізде құрғақтық барын сезсеңіз, құрамында омега, кокос майы, керамид және диметикон бар ылғалдандырушы элементтерді пайдаланыңыз. Аптасына бір рет ылғалдандырушы маска жасаған да орынды. Және де ылғалды қаншалықты қабылдағанына сай теріңіздің қартаюы да соншалықты баяу болатындығын естен шығармаңыз.
 
Созылыңқылық сезімі пайда болса
Ерте қартаюға немесе терінің тез қартаюына жуынудың немесе бетті қатты тазалау түрі де себеп болатыны белгілі. Егер бетіңізді жуғаннан кейін ол сықырлап, тартылған болса, бет жуу құралын міндетті түрде ауыстыруға кеңес береміз. Бетті тазартатын әрі ылғалдандыратын жұмсақ құралдарды пайдаланыңыз.
 
Сіз шаршаңқы әрі әбіржіген кейіпте болсаңыз
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, шаршаңқы әрі әбіржіген кейіп сіздің тұтынатын тағам мөлшеріңізде қанттың көптігінен сыр береді. Қант молекулалары өзге де молекулалармен соқтығысып, ақуызды қатайта түседі, бұл бос радикалдарға да әсерін тигізеді. Ал бұл бос радикалдардың тарылуы терінің жұмсақтығы мен созылыңқылығын жояды.
 
Сіздің теріңіз қағазға ұқсап бара жатса
Егер сіз әлі де жас болсаңыз, ал теріңіз жұқа қағазды көз алдыңызға елестетсе, демек бұған екі себеп болуы мүмкін: біріншіден сіздің ағзаңызға кальций жетіспейді, ал екіншіден теріңіздің pH теңгерімі бұзылған. Сізге міндетті түрде ағзаңыздағы кальций деңгейін тексерту қажет әрі коллаген белсенділігін қалыпқа келтіретін пробиотигі бар ылғалдандырушы жақпа майларды бетіңізге жаққаныңыз дұрыс.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru
Все новости