|    |  
15 қараша 2018
13:22
Сон Паскаль "Киіз үй" атты жаңа альбом шығарды
24 наурыз, 14:47 915

Қазақ әндерін орындаумен аты шыққан италиялық әнші Сон Паскаль "YURT" атты жаңа альбомын шығарды. "YURT" ағылшын тілінен аударғанда "киіз үй" мағынасын береді. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында хабарлады. Альбомды интернет дүкендерінен сатып алуға болады.


Альбомға 8 ән кірген. Оның жартысы қазақ тілінде. Сонымен қатар Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" мен Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" әндеріне орындаған кавер нұсқалары да кірген. Жуырда әншінің "Мен сені сүйемін" әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрді. Басты рөлде қазақстандық модель әрі дизайнер Айя Шалқар ойнайды.

massaget.kz
Теги: Музыка
Все новости