|    |  
19 сәуір 2019
21:27
Стив Возняк Apple-ді салықты аз төлейді деп айыптады
26 сәуір 2016, 16:09 6


Apple-дің негізін қалаушының бірі Стив Возняк компанияға салық көлемін арттыру қажет деп есептейді. Оның сөзінше, әлемдегі барлық компанияларға кем дегенде 50%-дық салық төлеу қажет. 

“Apple-дің тіпті мен төлеп отырған салықты төлемейтіндігі туралы ой маған ұнамайды. Мен барлық табысымның 50%-дан астамын салыққа төлеймін. Бұл – өмірдің бір бөлшегі және барлығы да осылай жасауы керек. Әлемдегі барлық компанияларға да қатысты болуы қажет”, – дейді ол.

2014 жылы Еуроодақ билігі бірнеше трансұлттық корпорацияларға қатысты зерттеулер жүргізіп, Apple, Facebook, Google және Amazon тәрізді компаниялардың Еуропада заңсыз салық жеңілдікке ие болып отырғандығын анықтады.

Дереккөзі: 7kun.kz
Все новости