|    |  
26 наурыз 2019
07:04
Студент өзінің жүкті екенін толғағы келгенде ғана білген
12 наурыз 2019, 15:21 226
Огайода 22 жастағы студент өзінің жүкті екенін толғақ кезінде ғана білген.


 
Бойжеткен аяқ асты өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігер оның бүйрегінде тас болуы мүмкін деп болжам жасаған. Бойжеткенді ауруханаға жеткізіп, ультрадыбыстық зерттеуге жіберген. Дәрігерлер қыздың жүкті екенін және толғағы басталғанын сонда ғана білген. Қызды шұғыл түрде кесарево тілігін жасауға жіберіп, бір жарым сағатта өмірге сәбиі келген. Бұл бойжеткенге нағыз тосын сый болған. Себебі оның етеккірі бұрыннан дұрыс келмеген. Ал жүктілікке тест жасағанда, тест жүкті еместігін көрсеткен.



Дереккөз: Сегодня
Все новости