|    |  
24 қазан 2019
04:23
Стюардесса ұшақ бортында ұшқышпен төбелескен
10 қазан 2019, 16:44 100
Американың Republic Airways әуе компаниясы бір-бірімен төбелескен екі қызметкерді жұмыстан босатты.



Оқиға 14 қыркүйекте болған. 36 жастағы ұшқыш пен 29 жастағы стюардесса ұшақ бортында төбелескен. Кейін олардың 10 ай бойы қыз бен жігіт ретінде көңіл жарастырғаны белгілі болды. Сол күні ұшар алдында бойжеткен қоңырау соғу үшін жігіттің телефонын сұраған. Жігітінің телефонынан күмәнді дүние байқаған соң оны жігітіне айтқан. Жігіт қызға өзіне қатыс жоқ іске араласпауын айтқан. Бірақ бойжеткен бой бермей, аяқ асты болған ұрыс жанжалға айналған.
 
Осы оқиғадан кейін екеуі де жұмыстан босатылған. Енді олар сот алдында жауап бермек.

Дереккөз: Vesti.ru
Все новости