|    |  
07 желтоқсан 2019
11:24
Су - адамның ақылын арттырады
26 қараша 2019, 15:50 133
Ұлыбританиялық зерттеушілер аз уақыт ішінде адамның жұмыс істеу қабілетін арттыру және интеллектін жақсартудың қарапайым әдісін тапты.



Ол үшін бір шыныаяқ су ішу керек. Сараптама бір ғана шыныаяқ су мидың жұмыс істеу қабілетін 14-15 пайызға арттыратынын көрсеткен. Осы теорияны дәлелдеуге тәжірибе жүргізілді. Оған бірнеше ер және әйел адам қатысты. Ғалымдар тәжірибеге қатысу үшін адамдарға өз еркімен келуді сұрады. Қатысушылардың бір тобына таңғы астан кейін бір шыныаяқ су берілсе, екінші топтағыларға су мүлдем берілмеді.

Шығыс Лондон университетінің сайтында газдалмаған су ішкен адамдардың ми белсенділігі артқандығы жазылды. Себебі бірінші топтың нәтижесі екінші топтағылардан әлдеқайда жақсы болған.

Зерттеушілердің пікірінше, аз көлемде су ішу ағзадағы ылғалдылық жетіспеушілік себебінен туатын миға түсетін ауыртпалықты азайтады. Ғалымдар ағзадағы мұндай ылғалдылық адам үшін өте маңызды екенін алға тартты.

Дереккөз: Reactor
Все новости