|    |  
26 сәуір 2019
22:48
Суды пайдалы ету үшін оған не қосу керек?
16 желтоқсан 2018, 12:47 12



Күніне қанша сұйықтық ішу қажет? Судың сізге пайдалы көлемі салмағыңызға, физикалық белсенділігіңізге, диетаға, қоршаған ортаның температурасына байланысты.
 
Детокс-су немесе «суперсу» деген не?
 
«Супер-су» атауын диетологтар суперфудтар баламасы бойынша енгізген. Әңгіме қоректік заттармен байытылған табиғи сусын туралы болып отыр.

Ол метаболизмді белсендендіреді, тері мен шашқа күтім жасайды, токсиндерді шығарады, энергия береді. Оны әзірлеу үшін су, жеміс пен шөптер ғана қажет.
 
Су: кез келген рецептінің негізі; Оған бірнеше ас қасық алқызыл су немесе алоэ шырынын қосқан жөн. Бұл ас қорыту жүйесін тазалайды.
Жемістер: Біз көбіне лимонды пайдаланамыз. Сусынға лимонды қосардан бұрын оны бөлме температурасында жылытып алыңыз.
Шөптер: жалбыз, зімбір, розмарин. Бұлар денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Жемістерді жуып, орташа етіп турап, шөптермен бірге құмыраға немесе банкаға салыңыз. Су қосыңыз. 12 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз.
 

Зат алмасуды жақсарту үшін

 
Ингредиенттер: минералды су, лимон, грейпфрут, алма мен балдыркөк (немесе киви).
Бұл сусын метаболизмді жылдамдатып, жасушаның қышқылдануымен күреседі. Оны таңертеңгісін ішкен жөн.


Тері үшін


Ингредиенттер: минералды су, төрт бөлік қауын, жарты абрикос, бір пакет көк шай.
Көк шай бетті жылтырататын қуатты актиоксидант болып табылады.
 

Қарынды кетіру үшін

 
Ингредиенттер: минералды су, үш алмұрт, құлпынай.
Тойып түскі ас ішкеннен кейін өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Ағзадағы ауырлық сезімін басады, улы заттардан сақтайды.


Спортпен айналысу үшін


Ингредиенттер:
 кокос суы және екі тілім ананас.
Бұл сусынды жаттығудан кейін Бұл сусынды жаттығудан кейін ішкен пайдалы. Қоректік заттарға бай, теріні ылғалдандырады.
 

Дереккөз: elle.ru
Все новости