|    |  
27 наурыз 2019
05:44
Судың пайдасы
28 ақпан 2019, 16:11 38
Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез келген адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі керек 



• Судың жетіспеушілігінен дененің кейбір функциялары баяулап, адам ауруға шалдыға бастайды. 
• Су – негізгі энергия көзі. 
• Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 
• Жасушаларды бір-бірлеріне байланыстыратын желім. 
• ДНҚ-ның (генетикалық ақпараттың ұрпақтан- ұрпаққа берілуін, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының) зақымдануын алдын алады. 
• Иммунитет жүйесінің негізін құрайтын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді. 
• Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 
• Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 
• Азықтарға энергия беріп, құрамындағы элементтердің ағзаға сіңуі кезінде бұл энергияны денеге таратады. 
• Сусыз желінген азықтың денеге тигізетін пайдасы өте аз болып табылады. 
• Өкпедегі оттегін тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының жұмыс өнімділігін арттырады. 
• Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 
• Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. 
• Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады. 
• Омыртқадағы дискілерді жұмсартқыш су көпшіктеріне айналдырады. 
• Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етіп, іш қатудың алдын алады. 
• Жүрек ауруы мен сал болу (паралич) ауруынан сақтайды. 
• Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады. 
• Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет. 
• Су адам зейінін ашады. 
• Жұмыс істеу өнімділігін арттырады. 
• Ешқандай жанама әсері жоқ. 
• Стресс пен депрессияны басады. 
• Шаршағанды кетіреді. 
• Теріні жұмсартады. 
• Көздерге жанар береді. 
• Инфекция мен рак ауруына қарсы им­мунитетті күшейтеді 
• Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануын 
алдын алады. 
• Қатты заттардың шөгуіне көмектеседі. 
• Адам денесінде су қоймасы болмағандықтан, суды 
жиі ішіп тұру керек. 
• Салмақ тастаудың ең оңай жолы – су ішу. Үнемі су ішіп, диетасыз азуға болады. Қарын ашқанда көп тамақ жемеу керек. Бірақ шөлдегенде көп су ішкен дұрыс.

Дереккөз: Reactor
Все новости