|    |  
24 қазан 2019
04:00
Суицид жасаған жүргізушінің 5 әйелі бар болып шыққан
08 қазан 2019, 17:20 51
Үндістанның Хардвар қаласында жүргізуші болып істейтін 40 жастағы азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Ол көз жұмғаннан кейін оның мәйітін алып кетуге 5 әйелі келген. Әйелдердің әрқайсы өздерін жүргізушінің жалғыз әйелімін деп таныстырған және бір-бірін мүлде танымаған.



Ер адам жалдамалы пәтерде тұрған. Суицид жасаған күні оны әйелі ауруханаға алып барған, бірақ дәрігерлер көмектесе алмаған. Ол қайтыс болғаннан кейін ауруханаға бірінен кейін бірі бес әйел келген. Бірақ ешқайсында неке туралы куәлік болмаған. Полиция қызметкерлері келіншектерге мәселелерін өз араларында шешіп, марқұмды қалай жерлейтіндерін шешуге кеңес берген.

Дереккөз: Lenta.ru
Все новости