|    |  
17 қараша 2018
07:28
​«Сұр түстің 50 реңі» жылдың ең нашар фильмі атанды
29 ақпан, 15:09 903

АҚШ-та «Алтын таңқурай» антисыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Eonline.com хабарлайды. Айта кетейік, аталған марапат киноматограф саласындағы ең нашар туындыларға беріледі. Биылғының ең нашар фильмі номинациясын «Сұр түстің 50 реңі» және «Фантастикалық төрттік» киноленталары алды. «Сұр түстің 50 реңі» фильмі марапаттар бойынша бірауыздан көшбасшы тізгініне ие болды. Себебі фильм «Ең нашар фильм» және «Ең нашар сценарий» сыйлықтарын алды. Ал басты рөлдегі Дакота Джонсон мен Джейми Дорнан да биылғының ең нашар актерлері деп танылды.  Ал «Фантастикалық төрттік» боевигі жылдың ең нашар фильмі атанды. Ол «Ең нашар ремейк, сиквел немесе плагиат» номинациясында топ жарды. Сондай-ақ картинаның авторы – Джош Трэнк те жылдың нашар режиссері атанды.

24.kz
Все новости