|    |  
21 қараша 2018
06:55
Таиланд жемқорларды өлім жазасына кеспек
14 шілде, 10:32 836
Таиланда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатыр. Жаңа заң жобасы ірі көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысымен байланысқан  таиландықтар мен шет мемлекеттердің азаматтарын өлім жазасына кесуді көздейді.



Таиланд королдігінің 1999 жылғы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнамасына №3 толықтырулар өткен апта соңында Royal Gazette үкіметтік басылымында жария болды.

Жаңа заңнама талаптарына сәйкес, өзінің лауазымдық өкілдіктерін шектен тыс  пайдаланып, өзінің немесе басқа да жақтастарының мүддесіне сай әрекеттер жасағаны үшін 100 мыннан бастап 400 мың таиланд бат (шамамен 13 мың доллар) айыппұл төлеп және бес жылдан он екі жыл аралығында түрмеге тоғытылатын болады. Егер істеген қылмыстары ірі көлемдегі жемқорлықпен байланысты болса, онда ол адамға өмір бойы түрмеде отыру немесе өлім жазасы кесілетін болады.

Дереккөзі: РИА "Новости"
Теги: Главная
Все новости