|    |  
17 шілде 2019
05:36
​Таксидегі жолаушылар жолақы үшін төбелескен
03 шілде 2019, 15:27 124
Кировта такси жолаушылары жолақы үшін жұдырықтасқан. Бастапқыда таксиде келе жатқан масаң жолаушы жүргізушіге жолда тұрған қыз бен жігітті «ала кетейік» деген. Жүргізуші ортақ жолақының 200 рубль болатынын айтқан. Сол кезде бірінші мінген жолаушы ақша төлемейтінін айтқан. Кейін мінген қыз бен жігіт жолақыны төлегенімен, бірінші жолаушыға боқауыз сөз айтқан.


  
Сол кезде бірінші жолаушы көліктен шығып, артқы есікті ашып, артында отырған жігітті төмпештей бастаған. Олардың төбелесі көшеде жалғасқан. Жігіт жарақат алған. Оқиға орнына құқық қорғаушылар жеткен. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілген.  Қазір жігітті ұрып тастаған бірінші жолаушыны полиция іздестіруде. 



Дереккөз: Лайф.ру
Все новости