|    |  
25 сәуір 2019
08:55
Тамақты балконнан күйеуінің көлігіне дәлдеп лақтыратын келіншек (Видео)
27 қыркүйек 2016, 10:00 3

Оңтүстік Кореяда бір әйел күйеуінің жұмыста жейтін асын үйден пісіріп, даярлап қойғанымен отағасы оны өзімен бірге алып кетуді үнемі ұмытады екен. Тамақты күйеуінің ізінен сыртқа алып шыға беруден шаршаған келіншек, қызық әдіс ойлап тауыпты. Әйел көп қабатты пәтеріндегі балконға шығып, түскі асты ту сыртта тұрған ерінің көлігіне көздеп тұрып лақтырып жібереді. Ол тамақ ұшып барады да отағасы көлігінің төбесінде ашық тұрған желдеткіш қосымша терезеден өтіп, көліктің отырғышына дәл түседі. Сөйтіп, пысық келіншек шаршамайды әрі ерінің көңілін табады екен.



jasqazaq.kz
Все новости